Skip to content

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз және триангль сынды аспаптарымен сәтті орындап шығып, көрермендер көзайымына айналды.

1 орын атанған Ақкөл ауданынан Құрметбектер отбасы жетіген, қобыз, домбыра, тұяқ және асатаяқ аспаптарымен қазақ халқының күйлерін ойнап көзге түсті.

2 орынды Астрахан ауданынан Ермахановтар отбасы иеленсе, Ерейментау ауданынан Нұрғалиевтар және Атбасар ауданынан Крыжный отбасылары (Атбасар ауданы) 3 орынға лайық деп танылды. Жанұяларының барлық мүшелері қосылып ән шырқап, өнерлерін ортаға салды.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Сәбитова “Бірлігі жарасқан, берекелі, шығармашыл отбасыларды дәріптеу, кәсіби өсулеріңіз бен шығармашылықтарыңызға қолдау көрсету, отбасы институтын нығайту және дамыту мақсатында “Өнерлі шаңырақ” байқауы 7 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді”- деп, аталмыш шараға белсенді қатысқан әр отбасы мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Аталмыш байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *