Skip to content

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні баршамызға мереке, сән-салтанат, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мәдениет саласының аяулы аналары мен қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шарасы өтті.

Өңіріміздің мәдениет саласының дамуы мен гүлденуі жолында табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтау мақсатында өткен іс-шарада Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова ыстық ықылас тілектерін арнап, алғыс хаттарды табыстады.

«Құрметті әйелдер қауымы! Cіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шексіз сәттілік, мөлдір махаббат, көктемгі көңіл-күй, шаттық, зор денсаулық және бақыт тілеймін. Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын», деп атап өтті Айгүл Баубекқызы құттықтау сөзінде.

Мерекелік шараны Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері Самат Шаймерденов, Жалғас Тұйғынбек және Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының әншісі Нұргүл Жүсіп әсем әндерімен көркем етіп, жиналғандардың жүрегін тербетті.

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы директорының м.а. Асхат Батырханұлы, көркемдік жетекшісі Тоқтарбек Құрманұлы және Мәлік Ғабдуллин музейінің экскурсия жүргізушісі Біржан Баймағамбетов нәзік жанды арулар қауымын мерекесімен құттықтай отыра, тілектерін арнады.

Мерекелік іс-шара қатысушыларына әуелеген әндер ырғағында көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *