Skip to content

Құрылым

Қалдырбаев Тоқтарбек Құрманұлы

Көркемдік жетекші

8716 2 25 68 06

Көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметіне көркемдік жетекшілікті жүзеге асырады және облыстың, ауданның клубтық кәсіпорындарына практикалық көмек көрсетеді. Ұжымдар мен жекелеген орындаушылар үшін репертуарды іріктеуді жүзеге асырады, шығармашылық бөлімдер әзірлеген жоспарлар мен сценарийлерді қарайды және бекітеді. Көркемдік іс-шараларды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, сценарийлерді, ережелерді, концерттік бағдарламаларды әзірлейді, өңдейді және шығарады.

Жұмалиева Гүлмира  Алдабергенқызы

Халық шығармашылығы бөлімі

8716 2 25 78 23

Халық шығармашылығы бөлімі өңіріміздің мәдени және рухани әлеуетін дамыту және іске асыру, жас таланттарды, шығармашылық ұжымдарды анықтау және қолдау, дәстүрлі халық мәдениетін сақтау және дамыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізеді.  
Бөлімнің қызметі – республикалық, облыстық және аймақаралық ауқымды жобаларды, фестивальдарды, байқауларды ұйымдастыру және өткізу ғана емес, сонымен қатар облыстағы аудан, қалалардың клубтық мекемелеріне күнделікті әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсету.   

Әбенов Асылбек Қайырбекұлы

Мәдени демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

8716 2 25 33 96

Бөлімнің бағыттары бойынша әдістемелік, талдау жұмыстарын жүргізеді. Облыстық, республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады, әдістемелік ұсынымдар, сценарийлер әзірлейді. Шығармашылық бастаманы дамытуға қолдау көрсетеді, аудандық, ауылдық клубтық кәсіпорындармен байланысты ұйымдастырады. Мәдени қызмет көрсету бойынша халықтың сұраныстарын зерделейді.

Киреева Ғалия Жұмабайқызы

Мониторинг, анализ  және әдістемелік жұмыс бөлімі

8716 2 40 18 32

Облыстың клубтық мәдениет нысандарының жұмысы туралы әдістемелік, аналитикалық есептілікті жүргізеді және есепке алады. Шығармашылық бастаманы дамытуға қолдау көрсетеді, аудандық, қалалық, ауылдық клубтық кәсіпорындармен тұрақты байланысты ұйымдастырады. Ақмола облысының клубтық мәдениет нысандарының жұмыс тәжірибесін талдайды және жинақтайды. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстармен айналысады: клубтардың қызметі туралы материалдарды жүйелейді және талдайды, олардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды.

Рахметбаева Райхан Ерсайынқызы

Бас есепші

8716 2 25 55 74

Кассалық тәртіптің сақталуын, жеткізушілермен есеп айырысуды, қаржы-шаруашылық жоспарлардың орындалуын бақылайды. Барлық бухгалтерлік есептерді тапсыру бойынша басшылықты жүзеге асырады. Ақшалай қаражаттардың қозғалысына, салықтарды есептеуге және аударуға байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс құжаттамалық көрінісін, орталыққа тиесілі барлық қаражаттың уақтылы түсуін және үнемдеу режимінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жалақыны, кассалық және материалдық актілерді, банктік үзінді көшірмелерді есептеудің дұрыстығын тексереді. Жеткізушілермен және салық комитетімен есеп айырысуларды салыстырып тексереді. «1С бухгалтерияда» ақша қаражаттарының қозғалысын уақтылы жүргізеді. Жалақыны, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеуді және аударуды жүргізеді.

Құрманова Айгүл Төлегенқызы

Кадр бөлімі

8716 2 25 60 26

Кәсіпорынның жеке құрамының есебін жүргізеді, бос лауазымдарға кадрларды іріктеу мақсатында іскерлік қасиеттерін анықтайды. Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдеуді ұйымдастырады. Қызметкерлердің жеке істерін ресімдейді және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді. Еңбек кітапшаларын дұрыс толтыруды және сақтауды қамтамасыз етеді. Демалыс беру есебін жүргізеді, еңбек тәртібінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.