Skip to content

Кәсіпорын туралы

Полугодовой отчет 2020 (ZIP 36641 Kb)
Фин отчет 2019 (ZIP 9818 Kb)

Мекеменің негiзгi мiндеттерi, ұлттық әдет-ғұрыптарды, облысты мекен етiп отырған халықтардың мәдени салт-дәстүрiн кеңiнен таратып, насихаттау және жетiлдiру, концерттер, көрмелер және мәдени демалыс қызметiнiң жаңа түрлерiн ұйымдастыру, оларды облысымыздың мәдениет және өнер кәсiпорындарына тарату; Сондай-ақ, көркемөнерпаздар байқауын, ән және би мерекелерiн, фестивальдердi, сайыстарды, айтыстарды, тұсаукесерлердi, ұлттық мейрамдарды, халықтық бейнелеу және сәндi-қолданбалы өнер көрмелерiн өткiзуге белсене қатысу;

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үздiк көркемөнерапаздар ұжымдарының жетiстiктерiн насихаттау, облыс орталығында олардың шығармашылық есеп беруiн ұйымдастыру, барлық халық шығармашылық ұжымдарын есепке алып, олардың өсiп, дамуына мейiлiнше үлес қосу;

Облыстық халық шығармашылық және мәдение демалыс орталығы халықтың өзiндiк мәнерi мен өзiн-өзi басқару негiзiнде тәрбие жұмыстарының амалдары мен әдiстерiн, сан-қилы түрлерiн кеңiнен пайдалана отырып, мәдени қызмет көрсету, мәдени-демалыс қызметiнiң негiзгi түрлерiн дамытуды, танымдылық, шаруашылық-шығармашылық, ойын-сауық, спорттық-сауықтыру және мәдени қызметтер көрсетедi.