Skip to content

Ақын, әншi, композитор, саяси қуғын-сүргiн құрбаны Иманжүсiп Құтпанұлының ақталғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған интернет-фестивалiнiң пост-релизi

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 2020 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында дәстүрлi әншiлердiң интернет-фестивалiн қашықтықтан өткiздi.

Иманжүсiп Құтпанұлы өнерiн насихаттау, шоқтығы биiк туындыларын жаңғырту; ұлы әншi-сазгер, ақындардың синкреттi өнерлерiн, асқақ шығармаларын кеңiнен дәрiптеп, халқымыздың төл өнерiнiң бiрi — дәстүрлi әншiлiктi дамыту; өскелең ұрпақты әншiлiкке баулу фестивальдiң басты мақсаты болып табылды.

Фестивальға Ақмола облысының қала мен аудандарынан ниет бiлдiрген 20 өнерпаз қатысты. Әрбiр қатысушы Иманжүсiп Құтпанұлының әнiн және Бiржан сал, Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ және басқа да Арқа өңiрiнiң көрнектi өкiлдерiнiң шығармасынан қалауы бойынша бiр әндi орындады.

Iрiктеу кезеңiнен өткен 12 орындаушының бейнероликтерi әлеуметтiк желiлер парақшаларында көрермен назарына ұсынылды.

Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *