Skip to content

16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүрлер күні: Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы “Бесікке салу” рәсімінен көрініс ұсынады

Баланы бесікке бөлеу – әлемнің көптеген халықтарына, соның ішінде қазақ халқына тән үрдіс.

Бесік – қай халықтар болмасын, киелі зат болып есептеледі. Бос құндақталған балаға қарағанда бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бұл дәстүрді елге беделді, жасы үлкен, көп балалы, ақ жаулықты әже орындау керек.

Қазақ халқы көшпелі тұрмыс барысында ғасырлар бойы тал бесікті пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келген. Қазіргі күні де бесік қолданыста жүр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *