«Таза өлке», «Киелі мекен»,«Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» деп бес аптаға бөлінген экологиялық акцияда тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді.
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұжымы Көкшетау қаласында ескерткіштерді тазалау бойынша өткен экологиялық акциясына қатысты.
Акция барысында ұжым қызметкерлері Сәтпаев көшесінің бойындағы аллеяда орналасқан академик Қаныш Сәтпаевтың және Сарыарқа шағынауданындағы Қосман Айтмұхаметовтың ескерткіштерін сүртіп, маңын күл-қоқыстан тазартты.