Skip to content

Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтеді

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар арасында Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалін өткізеді.

Байқаудың мақсаты Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, ұжымдардың шығармашылығын насихаттау болып табылады.

Ашық алаңда өтетін гала-концертке қатысушы вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар қазақстандық авторлардың сүйікті қаламыз туралы жазған әндері мен шетелдік танымал эстрада әндерін шырқайтын болады.

Барлық өнерпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Үздік орындаушылардың өнері байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі Fasebook және Instagram парақшаларында жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *