«Абылай хан» алаңында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, ұжымдардың шығармашылығын насихаттау мақсатында вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар арасында Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтті.
Ашық алаңда өткен гала-концертке қатысушы вокалды-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар қазақстандық авторлардың сүйікті қаламыз туралы жазған әндері мен шетелдік танымал эстрада әндерін шырқады. Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы құттықтау сөз сөйлеп, барлық өнерпаздарды диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.