Skip to content

«Арқа әуендері» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті

2024 жылғы 21 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында қазақтың әйгілі ақыны, сазгер Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл және халық ақыны, әнші композитор Балуан Шолақтың 160 жыл толуына арналған «Арқа әуендері» аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Әншілік дәстүрді дамытуға бағытталған байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды. Қорытынды кезеңге Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Ақмола облыстарынан 20 мен 40 жас аралығындағы 12 дәстүрлі әнші қатысты.

Жас әншілерге Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Айтбек Нығызбаев, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Саян Мұхамедияр төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша белсене қатысқаны үшін бес адам ұйымдастыру алқасының дипломдары және 50 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатына ие болды.

Медет Осатаев (Қарағанды қаласы) III орын мен 100 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатына лайықты деп танылды. II орын мен 150 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаты Камал Майдановқа (Астана қаласы) бұйырды, жүлделі І орын мен 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатын Бек Мыңбай (Егіндікөл ауданы) иеленді.

Бас жүлде және 300 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттың иегері Көкшетау қаласынан қатысқан Өмірзақ Шешқан атанды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *