Skip to content

«БИЛЕ, ЖАСТЫҚ!» аймақтық хореографиялық өнер фестиваль-байқауы туралы ақпарат

Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 2020 жылғы қыркүйектiң 25-нен қарашаның 18-не дейiн «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Биле, жастық!» аймақтық фестиваль-байқауын қашықтықтан өткiздi.

Байқаудың мақсаты — би өнерi арқылы аймақаралық байланысты дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың маңызды құралы ретiнде би мәдениетiнiң деңгейiн арттыру.

Байқауға Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарынан 60-тан астам би ұжымы қатысты.

Ақмола облысының 12 ауданы мен 2 қаласынан фестивальге қатысқан 38 хореографиялық ұжым лайықты өнер көрсеттi.

Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзiлдi: халық биi; халықтық стильдендiрiлген би; сонымен қатар заманауи билер — контемпорари, джаз-модерн, неофолк, афро-джаз.

Қазылар алқасының мүшелерi бейнематериалдарды қарап шыққан соң, 20 би ансамблi мен жеке орындаушылар екiншi турға қатысуға мүмкiндiк алды. Қатысушылардың өнерi Instagram және Facebook әлеуметтiк желiлерi парақшаларында жарияланды.

Екiншi турдың қорытындысы бойынша жеңiмпаздар анықталды:

* «Халықтық-стильдендiрiлген би» номинациясында — «Viva dance» үлгiлi би ұжымы, Бурабай ауданы;

* «Халық биi» номинациясында — «Туған жер» би ансамблi, Петропавл қаласы;

* «Классикалық би» номинациясында — «Танцевальная графика» халықтық эстрадалық би ансамблi, Қостанай облысы Жiтiқара қаласы;

* «Заманауи би» номинациясында — «Арабеск» үлгiлi би ансамблi, Петропавл қаласы;

* «Көрермендер көзайымы» номинациясында — «Қазына» халық би ансамблi, Қорғалжын ауданы.

Барлық номинанттар мен лауреаттар дипломдармен марапатталды.

«Биле, жастық!» аймақтық фестиваль-байқауы көрермендер көңiлiнен шықты. Қаралымдар мен пiкiрлер саны 10 000-нан асты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *