2024 жылдың 28 тамызында Шортанды ауданының Ойын-сауық орталығында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Көнеден жеткен күмбір» облыстық фольклорлық ансамбльдер фестивалі өтті.
Өнер додасына Ақмола облысының Атбасар, Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Егіндікөл, Зеренді аудандары мен Қосшы, Степногорск қалаларынан фольклорлық ұжымдар қатысты.
Екінші кезеңге іріктеліп алынған фольклорлық ансамбльдер фестивальдің гала-концертінде өз өнерлерін ортаға салды.
«Атбасар сазы» фольклорлық ансамблі (Атбасар ауданы), «Шашу» халықтық фольклорлық ансамблі (Аршалы ауданы), «Сазды әуен» фольклорлық ансамблі (Егіндікөл ауданы), «Көкек» халықтық фольклорлық ансамблі (Біржан сал ауданы), «Көкше әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі (Бурабай ауданы), «Арқа әуені» халықтық фольклорлық ансамблі (Зеренді ауданы), «Есіл-Нұра» фольклорлық ардагерлер ансамблі (Қосшы қаласы), «Мирас әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі (Степногорск қаласы) диплом және бағалы сыйлық Жетіген музыкалық аспабымен марапатталды.