Skip to content

«Көркіңнен айналайын Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалі өтеді

«Көркіңнен айналайын Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалі ағымдағы жылдың 15 тамызында Бурабай ауданы, «Оқжетпес» мәдениет үйінде сағат 15.00-де өтеді. Ұйымдастырушы: Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы @ohsho_kokshetau.

Жобаның басты мақсаты – қайталанбас сұлу табиғатымен бүкіл әлемге танымал Көкше жерінің ұлы тұлғаларының туындыларын дәріптеу, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар арасында тәжірибе алмасу, мәдени байланысты нығайту.

Аймақтық өнер фестиваліне Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан дарынды өнерпаздар қатыса алады.

Қатысушылар дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, ұлттық музыкалық аспапта орындаушылар, хореография бағыттары бойынша өнер көрсететін болады.

«Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!» фестивалі өңірімізде өнердің дамуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *