Skip to content

«Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!»аймақтық өнер фестивалі өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 15 тамыз күні Бурабай ауданы «Оқжетпес» мәдениет үйінде Ақмола облысының 85 жылдығына орай «Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалі өтті.
Өңірлік өнер додасына Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан дарынды шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты.

Бұл фестиваль өнердің дамуына серпін беріп, көмейінен күмбірлі күй төгілген қазақ аспабымен күй тартылып, ән де, жыр да төгіліп, би де биленді.

«Көркіңнен айналайын, Көкшетауым!» аймақтық өнер фестивалінің гала-концертінде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болған Алпысбай Ерасыл (Солтүстік Қазақстан облысы), Сынабай Қылышбек (Қосшы қаласы), Қасымов Еркебұлан (Целиноград ауданы), Квайдулов Баимбет (Солтүстік Қазақстан облысы), Балтабай Сералі (Зеренді ауданы), Әйгерім Әзімқызы (Қорғалжын ауданы), Ноғаев Мұхан (Қостанай облысы), Жарасов Дархан (Солтүстік Қазақстан облысы), Ғинаятова Ақбөбек (Жақсы ауданы), «Очарование» би ұжымы (Есіл ауданы), «Алтын домбыра» халықтық қазақ ұлт аспаптар ансамбілі (Солтүстік Қазақстан облысы), «Жастар» халықтық би ансамблі (Ерейментау ауданы), «Ұлы дала» этно ұлттық аспаптық тобы (Бурабай ауданы), «Шабыт» би тобы (Егіндікөл ауданы), «Тұмар» этно-эстрадалық ансамблі (Целиноград ауданы), «Шабыт» этно-фольклорлық ансамблі (Зеренді ауданы), «Queens» триосы (Аршалы ауданы), «Жас START» триосы (Есіл ауданы), «ЖасStar» триосы (Зеренді ауданы), «Нұрлы саз» квартеті (Қорғалжын ауданы) өз өнерлерін ортаға салды.

Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *