Skip to content

«Күмбiрле, домбыра!» аймақаралық интернет-байқауы ПОСТ-РЕЛИЗ

Халық композиторы, күйшi Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына, күйшi-композитор, домбырашы Тәттiмбет Қазанғапұлының туғанына 205 жыл толуына арналған «Күмбiрле, домбыра!» атты аймақаралық интернет-байқауы өз мәресiне жеттi. Байқау ү.ж.10 қыркүйегi мен 9 қарашасы аралығында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткiзiлдi.

Аталмыш iс-шараның мақсаты халық арасында ұмытылып бара жатқан халық күйлерiн ұсыну арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу, дарынды жастарды анықтау, оларды ынталандыру, өнерiн дамыту болып табылды.

Байқау iрiктеу және қорытынды кезеңнен тұрды. Өнер додасына Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарынан 16 жастан 35 жасқа дейiнгi ниет бiлдiрген 14 орындаушы қатысты. Байқау ережесiне сәйкес көркемөнерпаз әртiстер үш туындыдан ұсынды: Дәулеткерей, Тәттiмбет және таңдауы бойынша қазақстандық композитордың шығармасы.

Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша Әдiлбеков Ерасыл (Павлодар облысы) Бас жүлде иегерi атанды. I орынды Мұрат Хамитов (Қостанай облысы), II орынды Омар Назира (Павлодар облысы), III орынды Баимбет Квайдулов (Солтүстiк Қазақстан облысы) және Оразалы Айнабек (Ақмола облысы, Зерендi ауданы) иелендi. Әлеуметтiк желiлердегi көрермендердiң дауыс беру қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» жүлдесiне Медет Жетпiсов (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) ие болды.

Үздiк орындаушылардың өнерi байқау ұйымдастырушысының «Facebook» және «Instagram» әлеуметтiк желiлерi парақшаларында жарияланды. Көрермендер қаралымы мен пiкiрлер саны 7000-нан асты, бұл халық шығармашылығын жоғары бағалаған өнер сүйер қауымның «Күмбiрле, домбыра!» байқауына деген зор ықыласының айғағы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *