Skip to content

Наурызнама онкүндігі: «Ғасырлар үні» жобасы аясында «Сазды әуен» және «Тарту» фольклорлық ансамбльдерінің мерекелік концерті өтті

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында 14-20 күндері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны қолдауға бағытталған тұңғыш рет «Ғасырлар үні» жобасы аясында облыстың халықтық фольклорлық ансамбльдері мен отбасылық ансамбльдерінің концерті және «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы ұйымдастырылады.

Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз күні «Ғасырлар үні» жобасы аясында «Сазды әуен» және «Тарту» фольклорлық ансамбльдерінің мерекелік концерті ұсынылып, қала халқы назарына ән мен жырдан шашу шашып, күмбірлеген күміс күйге бөледі.

«Көшпенділер мұрасы» open space аймағы аясында шығармашылық көрме апта бойы декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеде жергілікті ісмер-қолөнер шеберлері: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігетін Ұлжалғас Қабденқызы Қарымсақованың, сырмақ, ши, тұскиіздер, басқұрлар, шашақбаулар жасайтын Смағұл Кенжебай Смағұлқызының, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын «Күнтай құрақ» брендінің негізін қалаушы Гүлнар Жылқайдарқызы Серікжанованың, киізден ұлттық бұйымдар жасайтын Гүлнар Мырзағалиқызы Орынбаеваның, киізден аяқкиімдер тігетін Алма Аменқызы Кәкімованың, табиғи тастардан ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайтын Жібек Хайырденқызы Сұлтанованың, балалардың ұлттық стильдегі киімдерін тігумен айналысатын ісмер Ғалия Мұратбекқызы Мүслімова, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер мен кәдесыйлар жасайтын Ғайша Алтынбайқызы Медетованың қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдар, Анар Талапқызы Саттыбаеваның қыштан жасаған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шараны “Adajio” би студиясы, жетекшісі Айя Серікқызы, биші бүлдіршіндері әсем мың бұралған билерімен көркем етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *