Skip to content

ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

26 маусымда облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы жастар iстерi бойынша департаментпен бiрлесiп «Достар» МС Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Жастар нашақорлыққа қарсы» (Халықаралық нашақорлықпен және нашақорлық бизнеспен күрес күнiне орай) облыстық хип-хоп фестивалiн ұйымдастырды.

Фестивальдың мақсаты жастарды салауатты өмiр салтына, спортқа баулу, мәдениет пен ақпараттық орта қалыптастыру. Фестивальге Егiндiкөл ауданынан «Импульс», Бурабай ауданынан «Paradise», Сандықтау ауданынан «Referans» хип-хоп би командалары, Көкшетау қ. «Полянка», «Простые парни», «Plan B», «Dream Team», «G — 12», «Kidzzz Crew»,«Miso» ұжымдары қатысты. Фестивальдың ең жас қатысушысы Баталов Расул 7 жаста болса, ең үлкен қатысушы «Простые парни» ұжымының жетекшiсi Букаев Асылбектiң жасы 31 едi. Қатысушылардың саны жылдан жылға артып жатқаны қуантады. Әсiресе, қатысушылардың 80% қыз балалар екенiн айта кеткен жөн.

Фестиваль үш сағаттан артық уақытқа созылды. Фестиальдың бағдарламасында брейк стилiндегi би орындаушыларының сайысы, хип-хоп, фристайл болды. Фестивальдың соңында барлық қатысушылар дипломдармен және естелiк сыйлықтармен марапатталды.

   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *