2024 жылғы 29 мамыр күні Қорғалжын ауданының К.Күмісбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдамтыруымег Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Жер шоқтығы – Көкшетау» облыстық байқау-фестивалінің гала-концерті өтті.
Өнер сайысына Ақмола облысының қала, аудандарынан үздік деп танылған 12 орындаушы-автор қатысты.
Өнерпаздардың орындауындағы әндер тыңдарман жүрегінен орын алып, көрерменге қуаныш сыйлады. Әсіресе, Райхан Аманкелді Егіндікөл ауданынан орындауындағы «Ақмола алтын аймақ», Есіл ауданы «Истоки» вокалдық тобы орындауындағы «Любовь и время» әндері әсерлі шырқалып, орындаушылық шеберлігімен таңқалдырды. Қорғалжыңдықтар өз жерлестері Абзелов Максат өнеріне ерекше қолдау білдірді.
Композитор, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор С.Қ.Әбдінұровтың қатысуымен «Авторлық құқық» тақырыбында мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздарға арналған шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.