Skip to content

«Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Рақымжан Қошқарбаев пен Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты — ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру.

Екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауында қатысушылар Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерін паш етті.

Аймақтық байқауға Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қосшы, Көкшетау қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 13 жігіт қатысты.

​Қатысушылардың өнерін және шеберліктерін анықтау үшін мәдениет және спорт саласы, зиялы қауым өкілдері арасынан қазылар алқасы құрылып, әділ бағаланды.

«Жігіт сұлтаны” аймақтық байқаудың бас жүлдесін Астаналық Әли Ризабек жеңіп алды.

Зеренділік Хамза Айдын «Өнерлі жігіт» номинациясымен, Тәттімбек Айбек (Егіндікөл ауданы) «Білекті жігіт» номинациясымен, Санах Еркебұлан (Егіндікөл ауданы) «Қайсар жігіт» номинациясымен, Красный Яр селосынан Ысқақ Айбек «Жігерлі жігіт» номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға ұйымдастыру комитетінің дипломдары және ақшалай сертификаттары табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *