Skip to content

«Жыл үздігі-2023» облыстық байқауыныңБАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы мәдениет саласы қызметкерлері арасында «Жыл үздігі-2023» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – клубтық мәдениет нысандарын дамыту, неғұрлым құзыретті және мақсатқа бағытталған клуб қызметкерлерін анықтау, үздік тәжірибелерді тарату, кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық бағытындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыру.

Байқауға аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдарының өкілдері қатысты. Олар қазылар алқасына өз жобалары мен жетістіктерін ұсынып, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасау барысындағы кәсіби дағдыларын көрсетті.

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысына сай «Үздік әдіскер» аталымы бойынша Райхан Үсенова (Целиноград ауданы), «Үздік үйірме жетекшісі» бойынша Бірлік Менеев «Домбыра сазы» (Целиноград ауданы), «Үздік креативті жоба» аталымы бойынша Ерзат Смағұлов «Екі жұлдыз» (Қорғалжын ауданы) және Айгерім Тастанова «Әнші ауыл» (Бурабай ауданы), «Үздік ұйымдастырушы» аталымы бойынша Ақмарал Илюбаева (Көкшетау қаласы), «Үздік фольклорлық ұжым» аталымы бойынша «Сазды әуен» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Райхан Аманкелді (Егіндікөл ауданы), «Үздік хореографиялық ұжым» аталымы бойынша «Мираж» халықтық ансамблі, жетекшісі Виталий Бакшеев (Аршалы ауданы), «Үздік вокалдық топ» аталымы бойынша «Элегия» халықтық вокалдық ансамблі, жетшісі Гүлмира Работягова (Ақкөл ауданы) марапатталды.

Облысымыздың клубтық мәдениет нысандарында жүргізілген жөндеу жұмыстары, демеушілер мен меценаттар көмегі, материалдық-техникалық базаны нығайту, ақылы қызмет көрсету, мәдени шараларға қатысу белсенділіктерін ескере отырып, рейтинг қорытындысы бойынша Зеренді АМҮ, Аршалы АМҮ, Атбасар АМҮ, Целиноград АМҮ, Степногор қаласы «Горняк» ОМС жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға диплом және ақшалай сертификаттар табысталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *