Skip to content

«Жыл үздігі-2024» облыстық байқауы өтеді

Мәдениет пен өнер – халықтың өшпес рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалатын құндылығы. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Осы салада қажырлы еңбек етіп жатқан мәдениет қызметкерлерін қолдау мақсатында Ақмола облысы мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Жыл үздігі-2024» облыстық байқауын өткізеді.

Байқау клубтық мәдениет нысандарын дамыту, неғұрлым құзыретті және мақсатқа бағытталған клуб қызметкерлерін анықтау, үздік тәжірибелерді тарату, кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық бағытындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.

«Жыл үздігі» облыстық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын қатысушылар саны артуда. Биылғы жылы байқауға Атбасар, Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларынан 40-тан астам мәдениет қызметкерлері қатысады.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдарының өкілдері қатысады. Іріктеу кезеңінде қатысушылар қазылар алқасының назарына өз жобалары мен жетістіктерін ұсынып, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасау барысындағы кәсіби дағдыларын көрсетеді.

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізіледі. Жеңімпаздарға диплом және ақшалай сертификаттар табысталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *