Skip to content

«Жыл үздігі -2024» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 2024 жылғы 11 желтоқсанда «Жыл үздігі -2024» облыстық байқауын өткізді.

Байқауға аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлерінің клубтық құрылымдарының өкілдеріқатысты. Олар іріктеу кезеңінде қазылар алқасына өз жобалары мен жетістіктерін ұсынып, мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасау барысындағы кәсіби дағдыларын көрсетті.

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды:
«Үздік әдіскер» номинациясы бойынша Айсулу Сариева (Зеренді ауданы),
«Үздік үйірме жетекшісі» бойынша Нұржан Жанбусинов (Қосшы қаласы),
«Үздік ұйымдастырушы» номинациясы бойынша Талғат Смағұлов (Ерейментау ауданы), 
«Үздік фольклорлық ұжым» номинациясы бойынша “Мирас әуендері” халықтық фольклорлық ансамблі, жетекшісі Қуандық Әлімжанов (Степногорск қаласы),
«Үздік хореографиялық ұжым» номинациясы бойынша “Асыл мұра” халықтық би ансамблі, жетекшісі Дина Орманшина (Көкшетау қаласы),
«Үздік аудандық мәдениет үйінің қызметкері» номинациясы бойынша Руслан Жапаров (Целиноград ауданы),
«Үздік креативті жоба» номинациясы бойынша Аян Кемалов (Аршалы ауданы).

Облысымыздағы клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, клубтық құрылымдар жұмысын жетілдіру, мәдениет нысандарының әлеуметтік мәртебесін арттыру мен дамыту бағытында жеткен жетістіктері мен мәдени іс-шараларға  белсенді қатысқаны үшін диплом және 500 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатпен Зеренді аудандық мәдениет үйі марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *