Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына арналған «Жер шоқтығы – Көкшетау» облыстық байқау- фестивалін өткізеді.
Қорғалжын ауданының К.Күмісбеков атындағы АМҮ өткізілетін байқау Ақмола облысының әнші, композиторларының шығармашылығын дәріптеуге, туған өлкеге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыруға, кәсіби және орындаушылық шеберліктерін арттыруға бағытталған.
Іріктеу және қорытынды кезеңдерінен тұратын өнер додасына Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан әуесқой композиторлар мен авторлық әндерді орындаушылар қатысады.
Іс-шара аясында қатысушыларға ән репертуарын толықтыруға, тәжірибе алмасуға, сонымен қатар «Ақмоланың әуесқой композиторлары әндерінің антологиясы» жинағына енгізу үшін өздерінің авторлық туындыларымен таныстыруға мүмкіндік беріледі.
Байқау-фестивальдің қорытынды кезеңінде «Жер шоқтығы – Көкшетау» гала-концерті өтеді.
Сахнада туған жерге, көгілдір Көкшеге арналған әндер шырқалады. Сонымен қатар іс-шара аясында «Авторлық құқық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Қорытынды гала-концертке қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Үздік орындаушылардың өнері байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі Faсebook және Instagram парақшаларында жарияланады.