Skip to content

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95 жылдығына арналған «Бала ақын – жас дарын» облыстық жас ақындар айтыс өтті.

Жыр додасына Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 12-18 жас аралығындағы жас ақындар қатысты.

Жас ақындардың сайысына ақмолалық айтыскер – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, айтыскер ақын, республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Ерейментау ауданының құрметті азаматы Қабдыжәлел Сахария және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ақмола облысы мәдениет басқармасының сарапшысы Мерген Тоқсанбай төрелік етті.

Айтыс қорытындысы бойынша тың нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды Хызырбекұлы Сырым (Бұланды ауданы), Мұхаммед Эргашев (Целиноград ауданы), 2-орынды Мисалбек Назар (Ерейментау ауданы), 1-орынды Серікболат Сәттілік (Ерейментау ауданы) және Бас жүлдені Берік Әсет Абылайұлы (Қорғалжын ауданы) иеленді.

Айтыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған