Skip to content

Ерейментаулық жас ақын Сәттібек Сэригболатұлы республикалық оқушылар айтысында топ жарды

Ерейментаулық жас ақын Сәттібек Сэригболатұлы Қызылорда қаласында өткен халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Толқын тербеткен тұлға» атты «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысында Бас жүлдеге ие болды.

xr:d:DAGCMtFeHGs:2,j:1782724180085302658,t:24041210

Сәттібек Сэригболатұлы 2009 жылдың 20 мамырында Ақмола облысының Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылында дүниеге келген. Еркіншілік ауылдық мәдениет үйіндегі «Жас қалам» ақындар мектебінің шәкірті.

Сәттібектің жұлдызы Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бала ақын – жас дарын» атты облыстық оқушылар айтысында жанды.

Жас ақын «Бала ақын – жас дарын» атты облыстық оқушылар айтысында соңғы бірер жылда тек жүлделі орыннан көрініп келеді.

Сонымен бірге, ол аудандық, облыстық және республикалық айтыстардың да жеңімпазы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған