Skip to content

«Фольклорлық ансамбльдерді басқарудағы қиыншылықтар және олардың шешімі. Әдістемелер. Жаңашылдықтар. Репертуар мәселесі» шеберлік сыныбы өтті

Шығармашылық ұжымдармен жұмыс істеудің заманауи әдістемелерімен танысу, сондай-ақ әріптестермен және тәлімгерлермен тығыз қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу мақсатында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Фольклорлық ансамбльдерді басқарудағы қиыншылықтар және олардың шешімі. Әдістемелер. Жаңашылдықтар. Репертуар мәселесі» шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныбын арнайы шақырылған Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік акдемиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоқжан Жахин жүргізіп, өзінің шеберлігімен бөлісті.

Ақмола облысының қала, аудандарынан 50-ден аса адам қатысты: шығармашылық ұжымдарының жетекшілері (фольклорлық, домбырашылар ансамбльдері мен оркестрлердің жетекшілері) және мәдениет қызметкерлері.

Шеберлік сыныбы оркестрлер мен фольклорлық ансамбльдердің шеберліктерінің өсуіне ықпал жасауға, репертуарларын толықтыру және жаңартуға бағытталған.

Сонымен қатар аталмыш іс-шарада «Арқа әуендері» халықтық фольклорлық ансамблімен практикалық жұмыс жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған