Skip to content

«Фольклорлық ансамбльдерді басқарудағы қиыншылықтар және олардың шешімі. Әдістемелер. Жаңашылдықтар. Репертуар мәселесі» тақырыбында шеберлік сыныбыныңПРЕСС-РЕЛИЗІ

Өтетін күні мен уақыты:
29 ақпан  2024 ж, сағ:

Өтетін орны:
Зеренді  аудандық мәдениет үйі

         Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Фольклорлық ансамбльдерді басқарудағы қиыншылықтар және олардың шешімі. Әдістемелер. Жаңашылдықтар. Репертуар мәселесі» тақырыбында Мәдениет саласының үздігі, «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, күйші-композитор Жахин Тоқжан Серікұлы шеберлік сыныбын Зеренді ауданының мәдениет үйіндеөткізеді.  

Іс-шараның басты мақсаты –оркестрлер мен фольклорлықансамбльдердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау, репертуарларын толықтыру, жаңарту,облыстағы барлық оркестрлер мен фольклорлық ансамбльдердің өнерін сақталып, дамып, өркендеуі жолында жұмыс жасау.

     Шеберлік сыныбына барлық қала, аудан, ауылдардағы ұжымдардың жетекшілері мен мәдениет қызметкерлеріқатысады.

     Қатысушылар орындаушылық шеберліктерін арттырады, репертуармен жұмыс жасауды үйренеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған