Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, шығармалары сөз асылын білуге, орынды қолдануға, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндейтін халық ақыны Көкен Шәкеевті насихаттау.
Халқымыздың мәдени мұрасын сақтау және дамыту, бабалардың елдік пен ерлік жырлары арқылы сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру;
Жыр-терме өнерін жастардың арасында дәріптеу арқылы тәлім-тәрбие беріп, жаңа есімдерді анықтау, өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету.
Іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұратын «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауына қалалар мен аудандардан жыршылар қатысады.
Қазылар алқасының құрамына мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері енеді.
Үздік орындаушылар қорытынды гала-концертте өздерінің орындаушылық шеберліктері мен таланттарын көрсетеді.
Байқау қатысушылары ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттармен марапатталады.