Skip to content

Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауы өтті

2024 жылдың  6 маусымында Көкшетау қаласында Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты — қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, шығармалары сөз асылын білуге, орынды қолдануға, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндейтін халық ақыны Көкен Шәкеевті насихаттау. Халқымыздың мәдени мұрасын сақтау және дамыту, бабалардың елдік пен ерлік жырлары арқылы сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру.

Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды кезең. Іріктеу кезеңге Қорғалжын, Целиноград, Аршалы, Бұланды, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласынан 12 жыршы қатысты.

Қазылар алқасының құрамына Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы — ақын-импровизатор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, қазылар алқасының төрағасы; Хасенов Сәрсенбай  Оразұлы- Ақмола облысы мәдениет басқармасының  жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық  филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  дәстүрлі әншісі, халық әндерінің шығу тарихын зерттеуші; Мукушев Кенжебай  Жәнібекұлы Ақмола облысының мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, дәстүрлі әнші енді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені-200 мың теңгенің сертификатын Ұлдана Нұртуған (Бұланды ауданы) иеленсе, бірінші орынды-150 мың теңгенің сертификатын Баян Жұбанова (Қорғалжын ауданы), екінші орынды-100 мың теңгенің сертификатын Елеш Нұрғиса (Бұланды қаласы), үшінші орынды-80 мың теңгенің сертификатын Айсұлу Ысқақова (Аршалы ауданы)  жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *