Skip to content

Құрметті достар!

«Үздiк ауылдық клуб-2020» облыстық байқауы өз мәресiне жеттi!!!

Байқауға 15 ауылдық клубтық мәдениет нысаны қатысты.

Астрахан ауданы Қызылжар а., Аршалы ауданының Бұлақсай а., Ақкөл ауданының Еңбек а., Жарқайың ауданы Костычево а. ауылдық клубтарының материалдық-техникалық базасы жақсы.

Целиноград ауданы Қосшы ауылының, Ерейментау ауданы Ажы ауылының, Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылының, Бурабай ауданы Шиелi ауылының, Степногорск қаласы Заводской кентiнiң, Атбасар ауданы Тельман ат. ауылдың, Ақкөл ауданы Еңбек ауылының, Сандықтау ауданы Үлкен Түктi ауылының, Жарқайың ауданы Костычево ауылының ауылдық клубтарында қызықты мәдени-демалыс жұмыстары жүргiзiледi.

Жарқайың ауданының «Костычево» ЖШС директоры, меценат Б.Ж. Қабжановқа ерекше алғысымызды бiлдiремiз. 2017-2018 жылдары Балтабай Жамантайұлы ауылдық мәдениет үйiнiң ғимаратын толық жөндеуден өткiздi. Ол АМҮ қалпына келтiруге 82 млн. теңгеден астам қаражат жұмсады.

– «Үздiк ауылдық мәдени-спорт кешенi — 2020» номинациясы Ақкөл ауданы Еңбек ауылының МСК берiлдi;

– «Үздiк ауылдық Мәдениет үйi-2020» номинациясы Жарқайың ауданы Костычево ауылындағы ауылдық мәдениет үйiне берiлдi;

– «Ауылдық клубтың үздiк директоры-2020» номинациясы Целиноград ауданы Қосшы ауылының ауылдық клуб меңгерушiсi Саян Қабдылқаққа берiлдi;

– «Ауылдық мәдениет үйiнiң үздiк директоры-2020» номинациясы Атбасар ауданы Тельман ат. ауылдың АМҮ директоры Гейдт Оксана Владимировнаға берiлдi;

«Үздiк демеушi-2020» номинациясы Жарқайың ауданының «Костычево» ЖШС директоры Қабжанов Балтабай Жамантайұлына берiлдi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған