Skip to content

Сандықтау ауданында «Мейірімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалі өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 мамыр күні Сандықтау ауданында «Мейірімді жүрек» облыстық инклюзивті байқау-фестивалі өткізілді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, өнерге баулу, мүгедек балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді дамуына ықпал ету, жаңа дарын иелерін анықтау байқаудың басты мақсаты болды.

Өнер додасы екі кезеңмен өтті: іріктеу және қорытынды гала-концерт.

Ақмола облысының аудан, қалаларынан қатысуға ниет білдірген өнерпаздар келесі номинациялар бойынша өнерлерін ортаға салды: «Хореография», «Музыкалық аспапта орындау», «Вокал» және «Ым-ишарамен ән орындау».

«Мейірімді жүрек» облыстық фестивалінің гала-концертіне Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау, Жарқайың аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 20 өнерпаз қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қорытынды гала-концертке қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *