Skip to content

Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй-live» облыстық интернет-байқауы ПОСТ-РЕЛИЗ

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы жанындағы «Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы» МКҚК

Ұлттық домбыра күнiне арналған
«Күй-live» облыстық интернет-байқауы
ПОСТ-РЕЛИЗ

Ұлттық домбыра күнiн мерекелеу аясында Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 25 мамыр мен 5 шiлде аралығында «Күй-live» облыстық интернет-байқауын өткiздi. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттiмбет сынды халық композиторларының шығармашылығын, күйшiлiк өнер жанрын насихаттау байқаудың басты мақсаты болып табылды.

Өнер сайысына Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан ниет бiлдiрген 30-дан астам өнерпаз қатысты. Үздiк үмiткерлердiң бейнероликтерi байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтiк желiлерi парақшаларында жарияланды. «Күй-live» байқауы көрермендердiң қызығушылығын танытты, қаралым саны — 6000.

Целиноград ауданынан Орманбек Абылайхан «Күй-live» облыстық интернет-байқауының жеңiмпазы деп танылды. II орынды Бiржан сал ауданынан Рысты Жанбыршиева иелендi. Жүлделi III орынға Көкшетау қаласынан Бекболат Дiнислам ие болды.

«Күй тарихын аша бiлгенi үшiн» номинациясын Аршалы ауданынан Ахметова Аида жеңiп алса, әлеуметтiк желiлерде дауыс беру нәтижесi бойынша Бурабай ауданының өкiлi Риза Сатыбалдинова «Көрермендер көзайымы» жүлдесiнiң иегерi атанды.

Байқау жеңiмпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған