Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Рақымжан Қошқарбаев пен Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізеді.
Байқаудың басты мақсаты — ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру.
Екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауына қатысушылар Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерін паш ететін болады.
Аймақтық байқауға Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қосшы, Көкшетау қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 12 жігіт қатысады. Қатысушылардың өнерін және шеберліктерін анықтау үшін мәдениет және спорт саласы, зиялы қауым өкілдері арасынан қазылар алқасы құрылады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломдары және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.