Skip to content

Жеңіс күніне арналған«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»облыстық онлайн байқауы өтеді

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Жеңіс күніне арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» облыстық онлайн фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады.

Соғыс кезінде айтылған әндер майданда жүрген жауынгерлердің қуанышы мен қайғысына, елге, отбасына деген сағынышына ортақтасып, суық пен аштыққа бекем болуға, күш-қуат, рух беріп, жеңіске шақырды.

Фестивальдің басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату және халқының тарихи естелігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу; патриоттық әндер мен авторлық шығармаларды насихаттау және дәріптеу.

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» облыстық онлайн фестиваліне Ақмола облысының барлық қала, аудандарынан ниет білдірген жеке орындаушылар немесе дуэт, трио т.б. қатыса алады.

Фестивальге қатысушылар ұйымдастыру алқасының дипломымен марапатталады.
Үздік орындаушылардың өнері байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі Fasebook және Instagram парақшаларында жарияланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған